Мақатта қожалық иесі 20 бас сиыры қолды болды деген күдігін сейілткен полицейге рақмет айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
26 желтоқсаннан бері 20 бас сиыр малын іздеп таппаған Мақат ауданының тұрғыны полицейлерге 4 қаңтар күні хабарлама берген. Айтуынша ірі қарасын жоғалғалтқанына бір айға жуықтағасын ұры-қарының қақпанына түсті деп топшылаған. Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарлама алған сәттен бастап жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда, қожалық иесінің 20 бас сиыры аудан аумағындағы жайылымнан табылып, иесіне табысталды. Барымташылар иеленіп кетті деген күдігі сейілген 20 бас сиырдың иесі қырағылық танытқан аудан полицейлеріне рақметін айтты.
Осы ретте, атыраулық полицейлер мал ұрлығының алдын алуға шақырады. Әсіресе, жайылымда қараусыз қалдырылған ірі қараның қолды болу ықтималдылығы жоғары болғандықтан мал иелерінен қараусыз қалдырмауды, малды бақташыға тапсыруды ұйымдастыруды және чиптеу жұмыстарына немқұрайлы қарамауды сұрайды.