14 «тамыз», 2022 759

Атырауда жеті жасар бала суға батып кетті

 Атырауда жеті жасар бала суға батып кетті

Бұл туралы ATPress.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға 14 тамыз күні түнде болған.

 "Сағат 22.25-тен бастап Атырау қаласының Қызылбалық ауылында сағат 21.00-де шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 жылы туған бала суға батып кеткен, судан іздестіру жұмыстары жүргізілуде" делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 3 сүңгуірі, 1 техникасы жұмылдырылды.