Атырауда жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтеді

«6 сәуір күні Атырауда «Жергілікті қамтуды дамыту» форумы мен «Атырауда жасалған» жергілікті тауар өндірушілер көрмесі өтеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Көрмеге 130 өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер қатысады. Форум барысында жергілікті тауар өндірушілер мен ірі компаниялар арасында ынтымақтастық орнатып, меморандум қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен насихаттау мақсатында, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры, «Ауылшаруашылығын қолдау қоры», «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қатысып, ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізеді. Көрме Атырау қаласындағы Әбілайырхан көшесі-79 мекен-жайындағы көрме орталығында өтеді.