Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі, 52 а үй тұсында 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды маркасы және мемлекеттік белгісі белгісіз көлік құралы қағып құлатып, ішкі істер органдарына хабарламай оқиға орнынан кетіп қалған.
Алған дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнынан қаза тапты. Атырау қалалық полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлік құралын анықтады. 34 жастағы жүргізуші көлікті алкогольдік мас күйде басқарған.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қылмыстық іс тіркеліп, жедел тергеу тобымен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті қамауға алынды.