Атырау қаласында бүгін, 15 ақпан күні жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кешкі сағат 20:00 шамасында болған.
"Атырау қаласында сағат 20:00 шамасында Mitsubishi Galant автокөлігінің 1998 жылғы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған 1959 жылғы жаяу жүргіншіні қаққан. Жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
