Атырауда жатақхана өртенді

Өрт сөндірушілер жатақхана өртінен 9 адамды құтқарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай, 21 желтоқсан күні сағат 9:28-де  Құрманғазы ауданы, ПМК-28 ауылы, Болашақ көшесінде орналасқан екі қабатты жатақхананың дәлізінен түтін шыққан туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі жатақхананың екінші қабатының дәлізінде еденнің жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жаумен күреске облыстық ТЖД Құрманғазы ауданынан 7 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер екінші қабаттан баспалдақ арқылы 4 баланы, терезе арқылы 3 иінді сатының көмегімен 5 ересек адамды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді. Тағы 5 адам (екеуі – бала) өз күштерімен далаға шықты. Өрт 9:54-те толықтай ауыздықталды.