Атырауда жастар референдум тақырыбын талқылады

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров белсенді студенттермен және жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен кездесті деп хабарлайды ATPress.kz.
Айта кетейік, кездесуге аймақтағы алты бірдей білім ошағының студенттері қатысты.
Серік Қадыров 18 жасқа толған студенттерді референдумға қатысуға шақырып, кәмелетке толмағандарға түсінік жұмыстарын жүргізуге атсалысуға кеңес берді.
Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Референдум аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.