Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округіне қарасты Арна ауылында жастардың қолдауымен жаңа саябақ ашылды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Саябақ ауыл әкімінің қолдауымен жастардың бастамасымен салыныпты.
«Ауылға жақында тағайындалған жаңа әкімімізге ұсынысымызды айта бардық. Ондағы ойымыз балалар ойнайтын саябақ салу еді. Ұсынысымызды бірден қабыл алған ауыл басшысы қолдан келген көмегін аяған жоқ. Әкім саябақтың жері мәселесін шешіп, біз жастар болып басқа шаруаларына жұмыла кеттік, дейді дейді бастамашы жастардың бірі Нұрлыбек Сәрсенғалиев.
Саябақтың ашылу салтанатында қатысқан округ әкімі Жасұлан Сүндетов ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдіріп, ойын алаңын жасақтауға демеушілік жасаған «ММС-Арна» ЖШС басшысы Қайрат Жаулиевке алғыс хатын табыстап, жастарға ризашылығын білдірді.
«Ауылға жақында тағайындалған жаңа әкімімізге ұсынысымызды айта бардық. Ондағы ойымыз балалар ойнайтын саябақ салу еді. Ұсынысымызды бірден қабыл алған ауыл басшысы қолдан келген көмегін аяған жоқ. Әкім саябақтың жері мәселесін шешіп, біз жастар болып басқа шаруаларына жұмыла кеттік, дейді дейді бастамашы жастардың бірі Нұрлыбек Сәрсенғалиев.
Оның айтуынша, мәселе қолдау тапқаннан кейін ауыл азаматтары да қарап қалмаған көрінеді.
«Көп түкірсе – көл» деген, елдің жанашыр азаматтары да қолдау білдірді. Мәселен, «ММС Арна» ЖШС басшылығы өз қаражаттарына ойын құралдарын сатып алды. Ауыл жастары, басқа да тұрғындар болып бірлесіп 1 млн. 500 мың теңге шамасында қаражат жинап, саябақтың керегіне жараттық. Әкіміміз де, ауыл тұрғындары да құрылыс әбден аяқталғанша сол саябақтың басы-қасында жүрді. Қазір жұмысы аяқталып, ойын алаңында балалар асыр салып ойнап жүр» дейді Нұрлыбек.Саябақтың ашылу салтанатында қатысқан округ әкімі Жасұлан Сүндетов ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдіріп, ойын алаңын жасақтауға демеушілік жасаған «ММС-Арна» ЖШС басшысы Қайрат Жаулиевке алғыс хатын табыстап, жастарға ризашылығын білдірді.