Атырауда жасөспірім қызды зорламақ болған педофил қолға түсті

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Авангард" шағынауданында ер адам біреудің Reno Duster көлігін өзінің арам пиғылын жүзеге асырмақ болып, ішінде отырған жасөспіріммен қоса айдап кетіп, көп қабатты үйлердің ауласына жасырынған.

Сөйтіп  көлік ішіндегі 13 жастағы жасөспірімді зорлауға оқталған. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде ол қылмысқа оқталу кезінде ұсталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.