Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласында бүгін, яғни 20 желтоқсан күні таңертең жасөспірімді қағып құлатқан қоғамдық автокөлік анықталды.
Оқиға Тайманов көшесінің бойында орналасқан Promgaz жанармай құю бекеті тұсында орын алды. Онда Yutong маркалы № 55 қоғамдық автобусы реттелмеген жаяу жүргіншілер жолымен қарсы бетке өтіп бара жатқан жасөспірім қызды қағып құлатқан.
Оқиға орнында әртүрлі дене жарақатын алған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Фото ашық дереккөздерден алынды.