Жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 6 қаңтар күні сағат 19.40-та Махамбет ауданы Сарайшық ауылының тұсындағы Атырау-Орал тас жолында Hyundai Sonata автокөлігі негізгі жолмен келе жатқан Lada Priora-мен соқтығысқан. Атырау облысы ПД хабарлағандай, ЖКО салдарынан 47 жастағы "Priora" жолаушысы қаза тауып, сол көлікте тағы екі жолаушы ауыр жарақат алған. Жәбірленуші мен зардап шеккендердің денесін Holmatro құтқару жабдығының көмегімен көліктен шығаруға тура келді. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.