Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, биыл мектепке баратын бала саны көп.
Салыстыру үшін айта кетейік, былтыр 14200 балақай алғаш рет мектеп партасына отырған еді. Ал жалпы, жаңа оқу жылында облыстағы 200 орта білім беретін мектепте 142 мың 800 оқушы білім алмақ.
Биыл 12 мың 424 мұғалім жұмысқа кіріскелі отыр. Былтыр жаңа оқу жылында мектептер 600 кадрмен толықса, биыл мыңға жуық мұғалім жұмысқа орналасып, сабақ беретін болады.
Айта кетейік, 2021-2022 жылғы оқу жылын 6 мыңға жуық түлек бітіріп, оның 1577-і ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Тест нәтижесі бойынша 1577 түлек мемлекеттік грант пен нысаналы гранттың иегері атанды.
Атырау облысында 200 жалпы білім беретін мектеп, 151 мемлекеттік балабақша мен 44 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.
200 білім ұясының 128-і ауыл статусына ие. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 40 мыңға жуық бала тәрбие алып жатыр.
Фото ашық дереккөздерден алынды.