Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабврлайды.
Бүгін Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылында Қайтпай Сұлтан мешіті ашылды. Мешіттің ашылу салтанатына облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысты.
Мұнда бір мезгілде 700 адам құлшылығын жасай алады. Ғимараттың 1 қабаты 400 м² , ал 2 қабаты 300 м² құрайды. Мешітте Құран оқу бөлмесі, ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар және қызметкерлерге арналған асхана мен бөлмелер бар.
- Баршаларыңызды бүгінгі қасиетті жұма күні осындай зәулім мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Бүгінгідей тамаша күнде аға буын, орта буын және жастар жиналып отыр. Бұл дегеніміз – өңірімізге рухани ортаның мешіттер қажетттілігінің нағыз көрінісі деп білемін. Бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын! Дұға тілектеріңіз қабыл болсын! -деді Ж.Бисембиев.
Айта кетейік, жаңадан бой көтерген Қайтпай Сұлтан мешітінің бас имамы болып Ажок Сарсекеев тағайындалды.