Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
2023 жылдың алғашқы күні Атырау облысында 37 сәби дүние есігін ашты. Оның ішінде 18 қыз бала, 19 ұл.
"Қазіргі уақытта аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, дәрігерлердің бақылауында" делінген хабарламада.
Ал елімізде Жаңа жыл қарсаңында 240 сәби дүниеге келіпті. Денсаулық сақтау министрлігі мереке түнінде елімізде 240 бала дүниеге келгенін мәлімдеді. Арасында егіз сәби бар.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 125 ұл және 115 қыз дүние есігін ашыпты. Ең көп нәресте Түркістан облысында туылған - 44 бала, екінші орында - Атырау облысы, Алматыда 28 отбасы сәбилі болған. Ал Астанада 17 бала дүниеге келген.