Атырауда жаңа жылда халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?

2023 жылдың алғашқы күндері ХҚО-ры алғашқы 3 күн бойы жабық болады.

2023 жылдың 1 , 2 және 3 қаңтар күндері Атырау облысының  ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді.

31 желтоқсанда, сенбі күні, кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, 4 қаңтардан бастап барлық ХҚО-лар азаматтарды әдеттегі кесте бойынша қабылдайды.

Айта кетейік, елімізде 7 қаңтар мереке күні болып бекітілгендіктен, кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.