Атырауда және тағы 11 өңірде коммуналдық тарифтер төмендеген

12 өңірде жалпы сомасы 9,66 миллиард теңгеге тарифтер төмендетілді. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ведомство мәліметінше, биыл тамызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9,05 миллиард теңгеге еліміздің бірқатар өңірінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеген.

"Бүгінде ТМС-ның 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау - 162 миллион теңге, жылумен жабдықтау -  379 миллион теңге, су бұру - 22 миллион теңге, электр энергиясын беру - 37 миллион теңге, тауарлық газды тасымалдау - 9 миллион теңге жалпы сомасы 609 миллион теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді", - делінген хабарламада.  

 

Нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 миллиард теңге болған.