Атырауда жалпы білім қорына биыл 742 млн-ға жуық теңге бөлінген

Атырау облысында жалпы білім қорына 741 млн 983 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысы білім басқармасының берген мәліметі бойынша, мұнайлы өлкеде  жалпы білім беру қоры есебінен 14 мың 761 балаға көмек көрсетілді. Атап айтқанда, мектеп формасымен және сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен, тегін тамақпен және жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтылды.

Мәселен, тегін тамақпен 14 мың 761, мектеп формасымен 11 мың 666 және жазғы сауықтыру лагерьлерімен 4606 оқушы қамтылды.

Жалпы білім қорынан берілетін көмек - атаулы әлеуметтік көмек (АӘК немесе АСП) алатындарға, кедейлік шегінен табысы төмен көмекке мұқтаж отбасыларға, жетім балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан қиын жағдайға тап болған отбасылардың балаларына беріледі.  Тағы бір қосымша  категорияны мектептің коллегиалдық және қамқорлық кеңесі анықтайды.

Айта кетейік, бұдан бөлек мұқтаж отбасыларға жыл сайын өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында да көмек көрсетіледі. Бұл акция 1 тамызда басталмақ.

Екі жылдан бер көмекке зәру әрбір ата-ана өз өтінімдерін  Atamekenim.kz порталына кіріп, қалдырып жүр. Онда баласының ЖСН-ін  тіркеу арқылы тізімге еніп, демеушілерден көмек алуға мүмкіндік бар.