Атырауда жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды

Атырау қаласының 2006 жылы туған тұрғыны өзінің қамыс арасында жоғалып кеткені туралы хабарлама берген, деп хабарлайды ATPress.kz.

Аталған факті бойынша хабарлама түскен телефон номері өшірулі тұруына байланысты жоғалған адамды іздеу бойынша дереу Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылды.

  Кейін, хабарлама жалған екендігі анықталып іздеу жұмыстары тоқтатылды. Ал, құзырлы органдарға жалған хабарлама берген жасөспірім мен ата-анасы Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылып, 84 мың теңге айыппұл салынды.