Атырауда есірткілік мас күйде көлік басқарған жат ағым өкілінен қару тәркіленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
10 қаңтар күні Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1984 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Mercedes Benz автокөлігін тексеру кезінде 5 патроны бар белгісіз тапанша және 1 пышақ тәркіледі.
Тексеру барысында полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындауға қарсылық танытқан жүргізуші есірткілік мас күйде болғаны анықталған.
Сонымен қатар, 1984 жылы туған көлік жүргізушісі мен 1981 жылы туған жолаушының деструктивті діни жат ағым ұстанушылары екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.