Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуанна тәркіленді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атыраулық тәртіп сақшылары 19 қаңтар күні 28 және 29 жастағы азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасын тәркіледі. Химиялық экспертизаның қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың 186 гр. болатын марихуанна екендігі белгілі болды.

Сонымен қатар  Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде екі азаматтың да  Ислам дінінің деструктивті ағымының радикалды бағытын ұстанушы екендігі де анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.