Атырауда денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңартылуда

Атырауда медициналық нысандар мен емханалар дамып келеді, деп хабарлайды АтырауPress.


Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

««Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 2024 жылы 10 жаңа нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылы тағы 5 нысан қосылады. Екі заманауи емхана салынуда, онкодиспансер жанындағы радиологиялық корпус келесі жылы ашылады», – деді әкім.
Айта кетейік, атқарылған жұмыстар қан айналымы, туберкулез және қатерлі ісік ауруларының төмендеуіне әсер етті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ