Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Көптен бері айналысып жүрген тағы бірқатар жобаларымызбен бөліскім келеді. Соның бірі – Атырау қаласында дендрологиялық парк ашу жобасы. 2023 жылы Атырау қаласы маңынан 20 гектардан астам жер телімін бөліп, ғылыми негіздеме жасау жұмыстарын бастаған едік. Бүгінгі таңда республикалық Ботаника және фитоиндустрия институты жаңа парктің ғылыми негіздемесін әзірледі. Ендігі кезекте экология министрлігінен тиісті келісім алып, жобалау жұмыстарына кірісу қажет. Барлық құжаттарды рәсімдеген соң, құрылысқа да кірісетін боламыз. Бұл бастамалар – әкімдіктің жүзеге асырып келе жатқан көптеген жобаларының бірегейі. Жобалар белсенді азаматтардың ұсыныстарымен басталды. Олардың сәтті жүзеге асуы үшін қоғамның назарында болуы маңызды" деді Ж.Орақұлы.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ