Атырауда тұрғындар әдемі арт-нысанның быт-шытын шығарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен махаббаттың белгісі ретінде «КДМС» ЖШС саябаққа шағын арт-нысан орнатқан болатын.
Бірақ, арада көп уақыт өтпей жергілікті вандалдар оның «Атырау» деген жазуын жұлып алып тастаған. Оқиға Ретро-саябақта болған. Бұл саябақ алғаш ашылған кезде «Досмұқасан» ансамбліне арнап қойылған есерткішке де араға көп уақыт салмай залал келтірілген еді.
Фото: orda.kz