Атырауда дауыс беру учаскелері ашылды

Бүгін, 5 маусым қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс береді.
Атырау облысында дауыс беру учаскелері ашылды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Облыс орталығындағы Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясында орналасқан №8 дауыс беру учаскесінде бірінші болып 65 жастағы Николай Светлов дауыс берді.
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Мәншүк Закаринаның айтуынша, бұнда 1222 адам тіркелген, оның 5-еуі таңдауын үйден жасайды.