Атырауда дабыл қағылды...

Атырауда құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында Атырау облысында «Қыс-2024» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. Бұл туралы облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Аталған оқу-жаттығу шеңберінде, 21 қараша күні  сағат 11:00-де «Баршаның назарына» дабыл жүйесі іске қосылып, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото atr.kz