Бүгін Атыраудың кей аумақтарында таңнан кешке дейін жарық болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәлім етуінше, бүгін, 26 шілдеде электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында электр жарығы сөндіріледі.
Атап айтқанда:
Сағат 09.00-17.00 аралығында Еркін қала ауылы мен Аманов көшесінде;
- 09.30-18.00 аралығында СМП-136 №№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 үйлерде, 2-көшеде, Қоғалы, С.Датов, Қабанбай батыр, Құттығай батыр, Ш.Уәлиханов, Элеваторная көшелерінде;
- 10.00-18.00 аралығында Геолог саяжайы аумағында жарық сөндіріледі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА