Атырауда бүгін кешке дейін кейбір шағынаудандарда жарық болмайды

Бұл туралы AtyrauPress «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелері 21 маусым күні электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында төмендегі көрсетілген мекенжайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертеді. Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Атапа айтқанда, кешкі сағат 18.00-ге дейін «Мирас-2» шағынауданындағы Қашаған ақын, Мұңайтпасұлы, Ракуша елді мекеніндегі Боқашев көшелерінде электр жарығы болмайды.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА