Атырауда “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мемлекет пайдасына 3 млн теңгеден астам ақша мемлекет пайдасына өнідірліді, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласында 30 мамыр және 18 маусым күндері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген автокөліктер көбеюіне байланысты “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау.
Рейдтік шара басталғалы бері полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылары айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 294 автокөлік жүргізушіні анықтады. Олардың көліктері айыппұл тұрақтарына жеткізілді.
Одан бөлек, учаскелік полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп, 404 борышкердің мекенжайларын аралау барысында әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 218 тұрғын анықталды. Соның нәтижесінде барлығы 3 млн 381 240 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА