Атырауда BMW мен Ваз 2114 автокөліктері апатқа ұшырады

Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
16 қазан күні сағат 23:50 шамасында Атырау қаласы С.Датов-Махамбет көшелерінің қиылысында 1999 жылы туған BMW автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан 1999 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2114 автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан маркасы Ваз 2114 автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатыналып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Автокөліктер арнайы тұраққа қойылып, тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.