Жол картасына сәйкес апатты үйлерді көшіру кезең-кезеңмен іске асырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осы орайда, біз облыстық энергетика басқармасына хабарласқан едік. Бүгінгі күнде облыс бойынша 217 апатты үйлер есептелініп тұр. Атап айтқанда, Атырау қаласында – 93, Жылыой ауданы- 97, Индер ауданы – 13, Қызылқоға ауданы – 10, Исатай ауданы – 3, Құрманғазы ауданында - 1 үй.
"Апатты үйлерді кезең-кезеңмен шешу бағытында облыс әкімімен Жол картасы бекітілді. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу арқылы үй сатып алу және жеке инвесторларды тарту тетіктері алқылысы жұмыстар жалғастырылуда. Жол картасы аясында 2023 жылы 13 апатты үй (101 пәтер), 2024 жылы 24 көпқабатты апаты үй (273 пәтер) көшірілді. Бұдан бөлек, 2024 жылы Мақат ауданында апатты жеке үйлер және барак типтес 17 үй (34 пәтер) көшірілді. Жол картасына сәйкес апатты үйлерді көшіру жыл сайын кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. 2025 жылы 224 пәтер сатып алу жоспарланып отыр" дейді облыстық энергетика басқармасының бөлім бас маманы Данияр Ғарифолла.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото-иллюстратив: "Хабар 24"