Атырауда биыл Бірлік күні тойлана ма?

Өңірде биыл Бірлік күні атап өтілмейтін болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы бізге қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Су тасқынына қатысты жағдайға орай барлық мерекелік іс-шаралар қазір тоқтатылған болатын.Ал, 7-9 мамырдағы мерекелерге қатысты ақпарат қосымша хабарланатын болады» делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ