Атырауда биыл алты бала терезеден құлаған... (+ВИДЕО)

Бұл – жыл басынан бері тіркелген жағдай, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соңғы уақытта балалардың арасындағы жазатайым оқиғалар жиілеп кетті. Соның ішінде 2-ден 7 жасқа дейінгі сәбилердің терезеден құлауы көбірек кездеседі. Негізгі себеп - оңай ашылатын пластикалық терезелер. Ол ата-аналардың бала қауіпсіздігіне салғырттық танытуына байланысты. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сәбит Борашев мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

С.Борашевтің айтуынша, көп жағдайда балалардың құлауы - ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен болады.

- Осыған байланысты ТЖД-нің ұсынысымен және демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал топтағы 30-ға жуық отбасыға терезенің кең ашылуын бұғаттайтын арнайы бекітпе орнатылды. Ол балалардың өздігінен терезені ашып, құлап кетуінің алдын алады. Келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керек, - деді С.Борашев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com