Атырауда биыл 247,9 шақырым жол жөнделді

Атырауда жол және көлік инфрақұрылымы жақсарып келеді, деп хабарлайды АтырауPress.


Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Биыл 247,9 шақырым жол жөнделді, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 78%-дан 83%-ға дейін артты. 90 жаңа автобус сатып алынып, 48-і пайдалануға берілді. Алдағы уақытта 42 автобус тұрғындар игілігіне беріледі», – деді әкім.
Айта кетейік, “Ашық аспан” режимінде 6 жаңа әуе бағыты ашылды, 2026 жылы бұл көрсеткіш 10 бағытқа жетеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ