Атырауда спорт кешендері салынуда, деп хабарлайды АтырауPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Облыс тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 62%-дан 71%-ға көтерілді, 46,7%-ы тұрақты түрде спортпен айналысады. Биыл 11 спорт кешені пайдалануға берілді, 22 кешеннің құрылысы келесі жылы аяқталады», – деді әкім.
Айта кетейік, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж жанынан заманауи спорт кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы салынып жатыр.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ