Атырау қаласында электр желісінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар көшеде жарық уақытша өшіріледі.
Бұл туралы сала мамандары хабарлады. Айтуларынша, жөндеу жұмыстары электр желісін қауіпсіз әрі тұрақты күйде ұстау үшін қажет.
Электр қуатын уақытша өшіру 2026 жылғы 4 ақпан күні жүргізіледі. Таңғы сағат 10:00-ден бастап кешкі 17:00-ге дейін әр аумақта жарық әртүрлі уақытта сөндіріледі.
Атап айтқанда, 10:00 мен 12:00 аралығында Жерұйық, Гумарова, Маденова көшелерінде, сондай-ақ Жұмабаева көшесіндегі 15, 15а, 15б үйлерінде және Каленова көшесінде жарық болмайды.
Ал 10:00-ден 14:00-ке дейін Водникова-2 ықшамауданындағы 1, 2, 3, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 үйлер мен 7-проезд тұрғындары электр қуатынсыз қалады.
Күннің екінші жартысында, яғни 14:00 пен 17:00 аралығында Әуезов көшесіндегі 50, 52а, 52б, 52в, 52г үйлерінде, сондай-ақ Шарипова, Молдағалиева және Наурыз көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар 15:00-тен 17:00-ге дейін Құрманғазы, Бигелдинова, Жерұйық, Маденова, Жұмабаева, Әжіғалиева, Ожкенова көшелерінде, 6 және 8-проездерде, Сұлтан Бейбарыс, Ст. Аэропорт, Халел Досмұхамбетов, Гидрометеоцентр аумақтарында, Самал ықшамауданындағы 1 және 27 үйлерде, сондай-ақ А. Машанов көшесі мен №21 проезд аумағында жарық уақытша сөндіріледі.
Мамандар тұрғындарды жоспарлы жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырып, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады. Жұмыстар аяқталған соң электр қуаты қалыпты режимде қайта қосылады.
