Атырауда бірқатар көшеде электр қуаты уақытша өшіріледі

Атырау қаласының бірқатар аумағында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты электр қуаты уақытша өшіріледі.

Атырау қаласының бірқатар аумағында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты электр қуаты уақытша өшіріледі.

Энергиямен қамту мекемесінің мәліметінше, жұмыстар электр желілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында атқарылмақ. Осыған байланысты 2026 жылғы 2 ақпанда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кейбір көшелерде жарық болмайды.

Электр қуаты өшірілетін аумақтар қатарында Сарықамыс шағын ауданы мен оған іргелес көшелер бар. Атап айтқанда, Аз-Тәуке, Бөкен би, Бала Ораз, О.Бөкей, Әл-Фараби, Жиембет, Құдайбергенова, Ғабдуллина, Тұран, Доспамбет жырау, Қонаев, Бөкейұлы, Байзақова, Қазтуған, Жүнісова, Дәулеткерей, Мектеп, Ахтанов көшелерінде электр қуаты уақытша ажыратылады.

Сондай-ақ Сарықамыс-2 шағын ауданындағы 4, 5, 6, 7, 8 және 12 ықшам аудандарында, Лашын, Сарықамыс, Сатыбалдиева, Алтыбақан, Жарық, Аққайың, Т.Әлиев, У.Танашев көшелерінде де жоспарлы шектеу енгізіледі.