Атырауда бірінен соң бірі жолдар жабылып жатыр...
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"17 желтоқсан күні сағат 15:00-ден бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 126-210 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрлеріне шектеу енгізілді. Ал, сағат 15:40-тан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар Атырау-Индер тасжолының 17-170 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрлеріне шектеу енгізілді. Облыс аумағында қалың қар түсіп, көктайғақ болуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ