Атырауда бір жыл ішінде екі мәрте заң бұзған қару иесінің қаруы тәркіленді

Атырау облысы аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын-алу, сондай-ақ қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру мақсатында 24-30 шілде күндері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау қаласының полиция басқармасы № 28 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары және азаматтық қару айналымының қызметкерлері іс-шара барысында қала аумағындағы қыстақтарда тексеру жұмыстарын жүргізуде.

"Тексеру кезінде бір жыл ішінде екі мәрте заң бұзушылық жасаған 1982 ж.т. азаматтық қару иесінің қаруы тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қару сақтау және алып жүру рұқсат қағазы үш жыл мерзімде күші жойылды", - делінген хабарламада.