24 Маусым, 2022 653

Атырауда бір тәулікте 1 адамнан коронавирус анықталды

 Атырауда бір тәулікте 1 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 54 адам жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19 таратпау жөніндегі халықаралық ведомствоаралық комиссия Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді. Мәліметтерге сай, инфекция жұқтырудың басым бөлігі Алматыда анықталған.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 54 адам жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 8, Алматыда – 38, Шымкентте – 2, Ақмола облысында – 1, Атырау облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, БҚО-да – 1, Қарағанды ​​облысында - 1, Түркістан облысында – 1.

Елде барлығы 1 306 110 жағдай расталды. Сонымен қатар Қазақстанда 17 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 5, Алматыда – 11,  Павлодар облысында – 1.

Елімізде барлығы 1 292 211 адам COVID-19-дан жазылып шықты.