Атырауда бір мектептің 51 түлегі полицияда қызмет етеді
Кәсіби мереке қарсаңында Атырау қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы №19 мектеп-лицейден түлеп ұшқан білім ордасының шәкірттері облыстық полиция департаментінде басшылық лауазымда қызмет ететін полицейлер ұстаздарын мерекемен құттықтап ыстық ықыластарын жеткізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазір департаментте аталған білім ордасында оқыған 51 тәртіп сақшысы түрлі қызметте еңбек етуде. Мереке күні құттықтап келген погонды шәкірттерін көрген ұстаздар да игі тілектері мен ризашылықтарын жеткізді.
- Теледидардан көріп қаламыз сөйлеп жатқандарыңызды, қуанамыз, мақтанамыз. Құдды бір фильм секілді, мектепте жүрген кездеріңіз елестеп кетеді көз алдымызға. Сендердің алға озғандарыңыз, одан әрі биікке көтерілгендеріңіз бізге мәртебе. Сіздердей шәкірттеріміз көбейе берсін! - деді ұстаздар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ