Атырауда бір күнде 6 бала жоғалған

1 мамыр күні, яғни бір күн ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасына жасөспірімдердің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 6 хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдер полиция қызметкерлері 2-3 сағат ішінде тауып, ата-аналарына қауыштырған.
 "38 жастағы азаматша сағат 17:00 шамасында 4 жасар ұлының тұрғылықты мекен-жайынан хабар-ошарсыз шығып кеткендігі бойынша полицияның 102 арнасына хабарлама берген. Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жасөспірімді полиция қызметкерлері екі сағаттың ішінде табылып, ата-анасына табысталды. Белгілі болғандай жасөспірім бала ойнап жүріп әжесінің үйіне кетіп қалған.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада  “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар" делінген хабарламада.