Атырау облысында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы аясында бір күнде 300-ден аса жол жүру ережесі бұзылды, деп хабарлайлы AtyrauPress.
27 наурыз бен 10 сәуір аралығында облыс аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздікті нығайту бағытында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты акция өтіп жатыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияның бір күнінде жол жүру қағидаларын бұзу бойынша барлығы 367 факті тіркелді.
Атап айтқанда: жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидасын бұзу – 24, қиылыстарды өту қағидасын бұзу – 17, балаларды тасымалдау ережелерін бұзу - 28, оның ішінде автобустардың алдыңғы орындықтағы балалар орындығын қолданбау – 12, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегімен 33 факті тіркеліп, тиісті іс-құжаттар жинақталды.
Бұл акция 10 сәуірге дейін жалғасады.
Фото ашық дереккөздерден алынды.
М.НҰРТАЕВА.