Атырауда бір көшеде 100-ге жуық жаяу жүргіншілер белгісі орнатылған

Атырау облысында бір көшеде 100 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған. Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елеп жатқан жоқ.

Атыраудағы Еркінқала ықшам ауданында орналасқан көше әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Себебі бір көшенің өзінде 100 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған.

"Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде ол жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.

Эмир Артуров