Атырау облысы аумағында 11-15 наурыз аралығында көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді анықтап, оларды мәжбүрлі түрде елден шығару мақсатында «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-шараның бір күнінде көші-қон заңдылықтарын бұзған 70-ке жуық шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:
- 517-бабы 3-бөлігі бойынша «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы-26 тұлға;
- 517-бабы 4-бөлігі бойынша «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған» - 25 тұлға;
- 517 бабы 5-бөлігімен «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы, анықтаманы не рұқсаттарды алмастан ҚР еңбек қызметін жүзеге асыруы» - 17 тұлға жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімдерімен 2 шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 518-бабымен 50-ге жуық Қазақстан Республикасының азаматтарына және 519-бабымен Қазақстан Республикасының екі азаматына әкімшілік хаттама жасақталды.