Атырауда бір көлік үш адамды қағып кетті (+ВИДЕО)

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

16 қазан сағат 14:20 шамасында Атырау қаласы, Азаттық даңғылы бойында 1991 жылы туған азамат Opel Astra автокөлігін басқара отырып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен 3 жаяу жүргіншіні қағып, жол көлік оқиғасын жасады. Нәтижесінде 1998, 1980 , 1967 жылы туған азаматтар жедел-жәрдем көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оқиға бойынша көлік құралы арнаулы тұраққа қойылып, тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ