Атырауда "Ақжайық - Теңдік" стансылары аралығында адам өлімі фактісі анықталды деп хабарлайды ATPress.kz.
Бейресми деректер бойынша оқиға 7 шілде күні түнде болғаны және көлденең жағдайға тап болған баланың кәмелет жасқа толмағаны айтылуда. Бала облыстық ауруханалардың бірінде көз жұмды деген ақпарат та тарап жатыр.
Оқиғаны облыстық көліктегі полиция департаменті растап отыр. Басқа тиісті мекемелер әзірге ақпарат таратқан жоқ.
"Аталған факті Атырау стансысындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды" делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.