Атырауда бір ауладағы гараж, монша және сарай өртенді

Атырау қаласында бір аулада бір-біріне жалғанып салынған гараж, монша және сарай өртенді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Шілде айының 12-сіне қараған түні  Атырау қаласы, Ақсай ауылы Ақжайық көшесіндегі үйдің ауласында өрт болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.
Болған оқиғаны облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.
«Ақсай ауылы Ақжайық көшесі №16 үйдің ауласында жалпы ауданы 20х5 м болатын бір-біріне жалғанып салынған гараж, монша және сарайдың толықтай өртенуі салдарынан айналасында жалпы ауданы 15х10 м болатын жиналған ағаштардың, мал шарбақтың және шөптердің жануы болды.  Өрт 00:38-де оқшауланды, 00:58 жойылды. Зардап шеккендер жоқ» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Видео осы сілтемеде.