Атырауда бетперде тағу керек пе?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері әзірге алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Дегенмен, көпшілік жерде бетперде тағып аурудан сақтану кім-кімге де артықтық етпейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– 8 ақпанда ҚР халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы жарияланды. Осы қаулыға сәйкес, медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және жіті респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) қарсы профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуі тиіс. Ал, тұрғындар көп жиналатын жерлер (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.) мен көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным берілді, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депртаменті басшысының міндетін атқарушысы Әлия Бекешева.

Айта кетейік, бүгінде өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.