Атырауда бес жасар баланың жүрегі үш рет тоқтаған...

Атырауда жүрегі үш рет тоқтап қалған бес жасар бала облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

11 маусымда «103» пультіне 19 сағат 23 минутта «ребенок задыхается» себебімен шақырту түскен. Жеделдік санаты – 1.6. Дер кезінде бригадаға жолданды. Бригада 5 минут ішінде жетті. Қараған кезде 2019 жылы туылған бала диванда шалқасынан ес-түссіз жатқан қалыпта, пульс жоқ, дем алысы жоқ. Әкесінің айтуы бойынша, 10 минут бұрын астыңғы күрек тісі түсіп, сол тісті жұтып қақалып қалғандығын айтты. Жедел-жәрдем бригадасы келгенше өздігінен жүрек-өкпе реанимациясын жасаған, сәтсіз аяқталған.

Бригада құрамы фельдшер Курмашева Мейрамгуль мен фельдшер Жеңісов Айбек барған сәттен бастап реанимациялық шараға кірісті, барлық апараттарды дайындап кеңейтілген жүрек өкпе реанимациясын бастады, 3 цикл жасағаннан кейін балада тіршілік белгілері пайда болды. Алайда кері клиникалық өлім белгілері көрінді, қайтып жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Жедел-жәрдем автокөлік ішінде ауруханаға жеткенше 3 рет жүрек тоқтауы болып, 3 ретте сәтті реанимация болып, Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесі жеткізілді. Осылай баланың өмірін қыл үстінен аман алып қалғаны жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерінің, командалық жұмыстарының және қайсарлықтарының арқасында.

Әділет АМАНГЕЛДІ