Президенттің тапсырмасына сәйкес, осы жылдың соңы мен келесі жылдың басына қарай «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оған Атырау қаласы, Балықшы шағынауданындағы А.Байжігітова көшесі, 80 «а» мекен-жайында орналасқан дербес тұрған ғимарат бөлініп, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің теңгеріміне берілді. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына келетін әрбір егде адам өзінің көңіліне жақын қызығушылығы – ән айту, спорт, шахмат, бассейн, атпен серуендеу, компьютерлік сауаттылықты арттыру сынды үйірмелерге қатысып, бос уақытын тиімді өткізетін болады.